Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің талаптарын Габон мен Ресей де сақтамай келеді
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Солтүстік Корея туын пайдаланғаны үшін Азия Олимпиадалық кеңесіне 500 мың доллар айыппұл салды.
WADA допинг-тест бағдарламасының жоқтығына байланысты Солтүстік Кореяға 2021 жылдан бастап ірі халықаралық спорттық іс-шараларда өз туын пайдалануға тыйым салған еді.
Агенттіктің бірнеше ескертуіне қарамастан, КХДР-дың мемлекеттік туы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында, оның ашылу және жабылу салтанатында және медальдарды табыс ету рәсімінде көрсетілді.
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің мәліметіне қарағанда, WADA-ның сәйкестік кодексін КХДР, Габон, Ресей елдері, Азия Олимпиадалық кеңесі, фитнес және бодибилдингтің халықаралық федерациясы сақтамайды.