Партия еліміздің барлық азаматын мемлекет есебінен тегін тұрғын үймен қамтамасыз етпек
Ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматы қаласында өткізген баспасөз конференциясында «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясының қайта құрылғаны туралы хабарлады. Жақын арада оның бастамашыл тобы тіркеуді бастау үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жібереді.
Біз диалог алаңын құрамыз. Оған қоғамның әрбір мүшесін шақырамыз. Біз жаңа, қуатты Қазақстанды құруға және дамытуға бағытталған бағдарлама жасадық. Біздің мақсатымыз –өткеннің кемшіліктерін талдап, сенімді болашаққа қажетті қадамдарды жасау керектігін түсіндіру», – деп мәлімдеді Олжас Сүлейменов.
Бұған дейін партия басшылары нақты бес қадам арқылы жүзеге асыруды ұсынатын өздерінің негізгі бағдарламалық міндеттерін айтқан болатын:
Айта кетсек, белгілі ақын бес күн бұрын 86 жасқа толды.