×

Олжас Сүлейменов «Қазақстан Халық Конгресі» партиясын қайта жаңғыртатынын мәлімдеді

Партия еліміздің барлық азаматын мемлекет есебінен тегін тұрғын үймен қамтамасыз етпек

 Динара Амантай 23.05.2022 | 13:27
Олжас Сүлейменов, фото: web.telegram.org

Ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматы қаласында өткізген баспасөз конференциясында «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясының қайта құрылғаны туралы хабарлады. Жақын арада оның бастамашыл тобы тіркеуді бастау үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жібереді.

Біз диалог алаңын құрамыз. Оған қоғамның әрбір мүшесін шақырамыз. Біз жаңа, қуатты  Қазақстанды құруға және дамытуға бағытталған бағдарлама жасадық. Біздің мақсатымыз –өткеннің кемшіліктерін талдап, сенімді болашаққа қажетті қадамдарды жасау керектігін түсіндіру», – деп мәлімдеді  Олжас Сүлейменов.

Бұған дейін партия басшылары нақты бес қадам арқылы жүзеге асыруды ұсынатын өздерінің негізгі бағдарламалық міндеттерін айтқан болатын:

  1. ҚР Конституциясының 6-бабына өзгерістер енгізу, онда «халықтың басты меншігі жер және оның қойнауы болып табылады және бұл меншік әрқашан халыққа тиесілі» деген тіркес жазылады;
  2. Қазақстанның әрбір азаматы үшін Қазақстан аумағында өндірілетін мұнайды, газды, алтынды, мысты, алюминийді және басқа да пайдалы қазбаларды сатудан мемлекеттік аударымдар үшін дербес банктік шот ашу;
  3. Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толған азаматтарына мемлекет есебінен тегін кепілдікті тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  4. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін тегін мектепке дейінгі, кәсіптік және жоғары білім беруді белгілеу бөлігінде ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу;
  5. ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысуға шешім қабылдаған Қазақстанның әрбір азаматына жеке меншікке жер телімін тегін бөлуді қамтамасыз ету.

Айта кетсек, белгілі ақын бес күн бұрын 86 жасқа толды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама