Жанар-жағармайды жеткізуші үстемдік жағдайды теріс пайдаланған
Прокуратура «Petrosun» ЖШС қызметінен үстемдік жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тексеру барысында серіктестіктің монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегені анықталды. Бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган өңделмеге қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды, – делінген хабарламада.
Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекеттік бюджетке төленді.