×

АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің Қазақстанға қандай мақсатпен келетіні айтылды

Лу бастаған делегация Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға сапар жасайды деп күтілуде

 Ербол Тұрымбет 23.05.2022 | 13:07
Дональд Лу, фото: Қырғызстан сыртқы істер министрлігі

Осы аптада Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу келеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінен хабарланды.

АҚШ-тың аймақпен қарым-қатынасын нығайту және Орталық Азиямен неғұрлым тығыз байланыс орнату үшін 23-27 мамыр күндері Лу бастаған делегация Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға сапар жасайды деп күтілуде.

АҚШ делегациясы Қазақстандағы реформалардың күн тәртібін, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдер құқығын кеңейтуді талқылау мақсатында жоғары лауазымды тұлғалармен және азаматтық қоғам жетекшілерімен кездеседі.

АҚШ мемлекеттік департаменті делегациясының құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Эрик Грин, АҚШ қорғаныс министрнінің Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Ребекка Циммерман, Халықаралық даму агенттігінің Азия бюросы әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур және АҚШ қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі аппарат басшысының орынбасары Наз Әл-Хатиб кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43

«Күйеуге шығып, борщ дайындау керек». Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынады

Өзі біз шұғыл жиналыс жасап, не істерімізді білмей жатқан кезде отельде қыдырып жүрген, - дейді
26.03.2023 | 09:30

Ақтаудағы сұмдық жағдай: оқиғаға не себеп болғаны белгілі болды

Алдын ала болжам бойынша, кісі өлтіру дерегі отбасы жанжалынан туындаған
26.03.2023 | 08:50