Әкім Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайын баяндады
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әкім Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайын баяндап, өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берді:
Сондай-ақ ол шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатқанын айтты:
Бұған қоса Марат Ахметжанов жылыту маусымының барысы туралы баяндады:
Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді. Халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасы таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.