×

QARMET компаниясының басшылығы шахталардың жай-күйін тексеріп жүр

Жалпы ұйымдық міндеттер көптеген жылдар бойы ескерілмей келген

 Еркеғали Болатұлы 11.12.2023 | 15:57
фото: дереккөз

Өткен демалыс күндері QARMET компаниясының басшылығы көмір өндіретін активтер мен комбинат жұмысының қазіргі жағдайымен танысуды бастады. Бұл туралы Qarmet_news Telegram арнасы хабарлады.

Акционер бастаған топ «Шахтинская» тау-кен учаскесіне барып, шахта астын өз көздерімен көрді.

Сондай-ақ «Казахстанская» шахтасының инженерлік-техникалық қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі және көмір өндіру нысанын өндіріске шығару мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Акционер комбинаттағы металлургтер қызметінің қазіргі жай-күйін, өндірістегі проблемалармен танысып қана қоймай, оларды шешу жолдарын қарастырды.

QARMET нысандарын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ұйымдық міндеттер көптеген жылдар бойы ескерілмей келген. Техникалық қамтамасыз ету желісі бойынша жергілікті жерлерде мәселелер бар екенін атап өткен жөн. Жақын арада Теміртау қаласының құқықтық тәртібін қорғау үшін Саран, Шахтинск және Абай қалаларының жедел жәрдем қызметтеріне уақтылы ден қою үшін мамандандырылған көлік берілетін болады, - деп атап өтті QARMET ресми өкілі Талғат Темірханов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама