Еліміздің 7 облысында жол қозғалысына шектеулер енгзілді
Қазір республикалық маңызы бар жолдарға 76 техника мен 110 қызметкер жұмылдырылды
Бүгін сағат 10:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының нашарлауына (көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі) байланысты жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған жеңіл автомобильдер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ мәліметінше, шектеулер 7 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 46 учаскесіне қолданылады.
Ақмола облысында 20 аумақта барлық бағыттар бойынша.
Қарағанды облысында 2 аумақта:
- «Екатеринбург – Алматы» 1292-1353 шақырым, Жібек жолы АЖБ – Қарағанды облысының шекарасы.
- «Екатеринбург – Алматы» 1353-1426 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Темиртау АЖБ.
Қостанай облысында 4 аумақта:
- «Жезқазган-Петропавловск» 340-377 шақырым, Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы.
- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 8-232 шақырым, Тобыл қаласы – Ақмола облысының шекарасы.
- «Екатеринбург-Алматы» 556-729 шақырым, Тобыл қаласы – СҚО облысының шекарасы.
- «Мамлютка-Қостанай» 180-404 шақырым, СҚО облысының шекарасы – Тобыл қаласы.
Маңғыстау облысында 4 аумақта:
- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 338-705 шақырым, Бейнеу ауданы – Жетібай ауданы.
- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» 705-786 шақырым, Жетібай ауданы – Ақтау қаласы.
- «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан шек.» 0-58 шақырым, Жетібай ауданы – Жаңаөзен қаласы.
- «Ақтау-Құрық» 13-72 шақырым, Ақтау қаласы – Құрық ауданы (барлық автокөліктерге).
Павлодар облысында 1 аумақта – «Астана-Ерейментау-Шідерті» 205-259 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауданы.
Солтүстік Қазақстан облысында 14 аумақта:
- «Екатеринбург-Алматы» 729-856 шақырым, Қостанай обласының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы.
- «Челябинск-Новосибирск» 465-655 шақырым, РФ шекарасы – РФ шекарасы.
- «Астана-Петропавловск» 341-473 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Бескөл ауданы.
- «Петропавловск-Соколовка-РФ шек» 11-72 шақырым, Петропавловск қаласының шекарасы – РФ шекарасы.
- «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» 50-280 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – РФ шекарасы.
- «Жезқазған-Петропавловск» 595-946 шақырым, Акмола облысының шекарасы – Бескөл ауданы.
- «Мамлютка-Қостанай» 0-180 шақырым, Мамлютка қаласының шекарасы – Қостанай облысының шекарасы.
- «Көкшетау-Рузаевка» 61-196 шақырым, Акмола облысының шекарасы – Рузаевка ауданы.
- «Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс» 0-24 шақырым, Саумалкөл ауданы – Мемориалдық кешен.
- «Петерфельд-Архангельск-Новокаменка» 0-30 шақырым, Петерфельд ауданы – А-16 автожолы.
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 0-228 шақырым, Булаево қаласы – Рощинское аауданы.
- «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-86 шақырым, Рощинское ауданы – Волошинка ауданы.
- «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 шақырым, Волошинка ауданы – Тимирязево ауданы.
- «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шек.» 0-31 шақырым, Тимирязево ауданы. – облыс шекарасы.
Жетісу обылысында 1 аумақта – Үшарал-Достық а/ж 84-184 шақырым, Көктұма стансасы – Достық стансасы.
Ауа-райының жақсаруына байланысты соңғы сағатта жолдардың 4 учаскесінде (Ақтөбе облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 3) көлік қозғалысына шектеулер алынды.
Қазір республикалық маңызы бар жолдарға 76 техника мен 110 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 319 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.