Энергетика министрлігі Маңғыстау облысындағы сұйылтылған газ тапшылығын жоққа шығарды

Айнұр Шошаева

Кезектердің басым бөлігі – 29а, 24 және «Шығыс» шағын ауданында

фото: a.d-cd.net

Энергетика министрлігі Маңғыстау облысындағы газ тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарып, өңірге қажетті көлем жеткізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni

Министрлік Маңғыстау облысы сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) негізгі тұтынушылардың бірі екенін атап өтті. Өңірдің қазан, қараша, желтоқсан айларына деген сұранысы СМГ елдері бойынша 17 мың тонна шамасында болған.

«KазГӨЗ» ЖШС ай сайын 17 мың тонна СМГ өңдейді және шығарады. Ол өндіретін газдың барлық көлемі ішкі нарыққа облыстағы бөлшек сауда дистрибьюторларына сатылады. Желтоқсан айында Энергетика министрлігі Маңғыстау облысына қосымша 1500 тонна: «KазГӨЗ» ЖШС-нен 1000 тонна, «AМӨЗ» ЖШС-нен 500 тонна бөлді, - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар министрлік бүгінде облыста 433 АГҚС (Ақтау – 93, Жаңаөзен – 74, Мұнайлы – 113, Маңғыстау – 52, Түпқараған – 44, Бейнеу – 30, Қарақия – 27) тіркелгенін еске салды. 9 желтоқсанда өңірде 169 (39%) АГҚС (Ақтау – 31 (33%), Жаңаөзен – 44 (59%), Мұнайлы – 36 (32%), Маңғыстау – 16 (31%), Түпқараған – 14 (32%), Бейнеу – 11 (37%), Қарақия – 17 (63%) жұмыс істеп тұр.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, қараша айында облыс бойынша орташа тәуліктік тұтыну 565,8 тоннаны қамтыған.

Аудандар мен қалалар әкімдіктері жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша СМГ балансы – облыс бойынша 1828,7 тонна. Жергілікті атқарушы орган СМГ бағасының орындалуын бақылау және өсуіне жол бермеу мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен күн сайын мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстағы жағдай тұрақты, қаладағы жанармай құю бекеттерінде Ақтау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарында шамамен 5-7 көліктен тұратын кезек бар. Сұйытылған газды тасымалдау кестеге сай жүргізіліп жатыр, – деп қосты министрлік.

Сондай-ақ облыста газ тапшылығын болдырмау мақсатында  1 желтоқсаннан бастап зауыттан күнделікті жөнелтілімдерін тәулігіне 570 тоннадан 620 тоннаға дейін арттырған.

Бүгінде Ақтау қаласына 12 газ зауытына жоспарланған 182 тонна жүк жөнелтіледі. Кезектердің басым бөлігі – 29а, 24 және «Шығыс» шағын ауданында. Қала сыртында кезек жоқ. Өңірдегі жанармай құю бекеттерінде тұтынушыларға арналған сұйытылған газ 54-59 теңге аралығында сатылып жатыр, - делінген ақпаратта