Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,
ы қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.
Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.
Еске салсақ, 8 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында үш қыз орталықтан қашып кетті. Оларды полиция мен еріктілер іздеді.