×

Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

Олар бейімдеу орталығының терезесін сындырып қашып кеткен

 Динара Амантай 09.12.2023 | 13:36
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерелрінің мәліметінше, 8 желтоқсанда полицияға «Аяла» кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлаған. Олар:

  • 2006 жылы 5 маусымда туған Мырзакенова Манар Абайқызы, бойы –160 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара.
  • 2006 жылы 14 наурызда туған Тезекбаева Амина Иманқұлқызы, бойы – 165 см, дене бітімі – арық, шашы – қоңыр. Сол жақ иығында меңі бар.
  • 2006 жылы 1 қазанда туған Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы. Сұр түсті спорттық киім киген.

Жасөспірімдерді іздестіруге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған.

Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан «102» немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз

Серіктес жаңалықтары

Сараптама