Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстың Экология департаментінің басшысын әшкереледі.
«Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаны эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікті деп танылды», - делінген хабарламада.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.