Байқауға өтініш беру 2024 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады
Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы және «Отандастар» халықаралық қорының ұйымдастыруымен шетелдегі БАҚ-пен онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесуге «KazNews» сайты (Моңғолия), Қазақ радиосы (Моңғолия), «Қазақ елі» журналы (Түркия), «Өзбекстан» телеарнасы (Өзбекстан), «Нұрлы жол» (Өзбекстан), «Шүйдің нұры» газеті (Қосағаш, Ресей), «Қосағаш» (Қосағаш, Ресей), «Омбы қазақтары» (Омбы, Ресей), «Ирандағы қазақ радиосы» (Иран) ұжымдары қатысты.
Онлайн жиынның негізгі мақсаты – V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында жарияланған «ALAMAN» медиа байқауы» туралы ақпаратты шетелдегі журналистерге жеткізу және байқауға қатысуға шақыру.
Байқауды ұйымдастыру комитетінің төраға орынбасары Ринат Кертаев өз сөзінде шетелдің медиа саласында қызмет атқарып жүрген журналистердің «ALAMAN» медиа байқауынан бой көрсетуі, ұлттық спорттың кең насихатталуына үлкен үлес екенін атап өтті. Ал, «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы бұл медиа байқаудың шетелде жүрген қандас бауырлар үшін маңыздылығын және өзге мемлекеттердегі қазақ тілді БАҚ тың орнын айқындайтындығын айтты.
Байқаудың мақсаты – ұлттық спорт түрлерінің насихатын күшейту, осы саладағы журналистер, БАҚ өкілдері және авторларды кәсіби тұрғыдан бағалап, ең үздіктерін анықтау. «ALAMAN» медиа байқауы 2023 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2024 жылдың 1 наурыз аралығында 6 ай бойы өткізіледі. Оған отандық журналистер, авторлар және шетелдік БАҚ өкілдері қатыса алады. Толық ақпарат alaman.ultsport.kz ресми сайтта жарияланған.
Байқауда мынадай номинациялар болады:
«ALAMAN» медиа байқауы 2023 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Ұлттық медиа қауымдастығы» ЗТБ қолдауымен өткізіледі.