Степногордағы апат: жылу жүйесі қалпына келтірілді
Қаладағы жылу магистралі істен шыққан
Степногорда апат жойылып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 8:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жылу магистраліне су жіберіліп жатыр. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС-нің мамандары тұрғындардың үйлеріне жылу беріп, апатты жою бойынша жұмыс жүргізді. Жағдайды облыс әкімі Марат Ахметжанов өзі бақылап жүр, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, 7 желтоқсанда Степногор қаласында кварталішілік жылу магистралінде апат болған еді. Салдарынан бірқатар көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалған.