Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергендер мемлекетке 6,3 млрд теңге шығын келтірген
Соңғы үш жылда 400-ге жуық қылмыс тіркелді
Терроризм туралы жалған хабарлама бергендер мемлекетке 6,3 млрд теңге шығын келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің айтуынша, соңғы 3 жылда ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша («Терроризм актісі туралы жалған хабарлама») 400-ге жуық қылмыс тіркелген. Қоғам мен мемлекетке келтірілген шығын 6,3 миллиард теңгеден асты.
Осыны ескере отырып, мемлекеттік мекемелерге кіріс қоңырауларын екшеудің технологиялық әдістерін қолдану туралы шешім қабылданды.
Антифрод оператор жүйесі нақты уақыт режимінде сигналдардың әлемнің әртүрлі елдерінен келетінін анықтады және мектеп телефондарына қоңыраулардың келіп түсуіне жол бермеді.