Halyq Uni логотип
×

-37 градус аяз: Көкшетау мектептері түгел онлайнға көшті

Барлық оқушы онлайнға көшірілді

 Халық үні 07.12.2023 | 23:56
-37 градус аяз: Көкшетау мектептері түгел онлайнға көшті
Фото: ekaraganda.kz

Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілді. 

«Ауа температурасының -37 градусқа төмендеуіне байланысты 8 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», –делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 7-8 желтоқсан күндері өңірде -38 градусқа дейін қатты аяз болатыны туралы SMS хабарлама таратқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама