Halyq Uni логотип
×

«Эпид ахуал өте күрделі»: Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте қайтыс болды

Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келеді

 Халық үні 07.12.2023 | 20:49
«Эпид ахуал өте күрделі»: Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте қайтыс болды
фото: canvera.com

Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы. 

Соңғы үш тәулікте Өскеменде 92 адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды.

Медицина мамандарының айтуынша, эпид ахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді. Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келетін көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама