Halyq Uni логотип
×

Президент Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы төрағаға бірқатар міндеттер жүктеді

 Динара Амантай 07.12.2023 | 15:37
Президент Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысын қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әбілқайыр Сқақов әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жыл басынан бергі және жалпы МӘМС қолға алынған уақыт ішінде атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді.

Оның айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,5 есе, ал бір тұрғынның денсаулығына жұмсалатын шығын 2 есе өскен.

Сонымен бірге төраға азаматтарға арналған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жайын айтты. МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ауқымын кеңейтуге, Қордың қаржылық тұрғыдан тұрақтылығын қамтамасыз етуге және МӘМС-ке қатысты барлық процесті жедел цифрландыруға бағытталған кешенді шаралар іске асырылып жатыр. Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру жүйесінің қызметіне қатысты қазақстандықтарды мазалаған өзекті мәселелерге назар аударылды. Қор жоспарын іске асыру барысында алдымен науқасқа және оның медициналық көмекке қажеттілігін өтеуге баса мән беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама