Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында республикалық жолды су шайып кетті

Қызыл су көпірді шайып кеткен

 Ербол Тұрымбет 22.05.2022 | 18:57
Алматы облысында республикалық жолды су шайып кетті
Скриншот: видео

Алматы облысында нөсер жауын салдарынан сел жүріп, Алматы - Өскемен бағытындағы республикалық жолды су шайып кетті.

Нақтырақ айтсақ, Сарқан қаласы мен Жансүгіров ауылының арасындағы көпірді қызылсу жарып өткен. Соның кесірінен, жол жабылып, көлік қозғалысы тоқтады. Ақсу ауданы әкімдігінің берген ақпаратқа сүйенсек, 22 мамыр сағат 16:45-те республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен жолының 395-шақырымындағы Еңбек ауылының тұсында қалың жауын-шашын суы көпірді шайып кеткені белгілі болған. 

Құбыр тәрізді көпірдің диаметрі - 3,5 м, тереңдігі - 3 метр. Жол қалпына келтірілгенше Матай-Лепсі ауылдары арқылы айналма жол пайдаланылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама