×

Абай облысында броконьер ұсталды

«Урал» мотоциклінен 16 калибрлі патрондардың бос қорабы, пышақ пен басқа заттар тәркіленді

 Дастан Жұмабекұлы 07.12.2023 | 12:35
Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Бесқарағай ауданының полицейлері Ерназар ауылының шетінде орналасқан жерден екі бассыз еліктің тұтас етін тапты. Оның жанынан пышақ табылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен полицейлер «Урал» мотоциклінде полицейлерден жасырынуға тырысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктіні ұстау үшін жақын жердегі кезекші полицейлерді шақыруға тура келген. «Урал» мотоциклін тексеру кезінде ұсталған адамнан 16 калибрлі патрондардың бос қорабы, пышақ пен басқа да аң аулау кезінде қолданатын заттар тәркіленді.

41 жастағы азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама