Ақтауда бокстан Қазақстан чемпионаты жалауын көтереді
Жарысқа барлығы 500-ге жуық былғары қолғап шебері қатысады
11-16 желтоқсан аралығында Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлады Маңғыстау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Ел чемпионатына Астана, Шымкент, Алматы қалалары мен 17 облыстың 20 командасынан 500-ге жуық былғары қолғап шебері қатысады.
Бокстан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында іріктеліп, үздік атанғандар келесі жылы ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайды.
Жарыстың бағдарламасы:
11 желтоқсан
12:00 – Алдын ала кездесулер;
17:00 – Жарыстын ашылуы.
12 желтоқсан
14:00 – Алдын ала кездесулер.
13 желтоқсан
14:00 – Алдын ала кездесулер.
14 желтоқсан
14:00 – Ширек финал.
15 желтоқсан
14:00 – Жартылай финал.
16 желтоқсан
12:00 – Финал.
Еске сала кетсек, Ақтауда бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты алғаш рет 2017 жылы өткізілген болатын.