Шымкентте алименттен жалтарғандарға 11 қылмыстық іс қозғалды

Динара Амантай

Қараша борышкерлермен күрес айы болып бекітілді

Фото: depositphotos

Шымкентте алимент бойынша борышкерлерге қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала прокуроры алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтеріп, биылғы қарашаны «Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қарсы күрес айы» деп белгіледі.

Осыған байланысты алимент төлеу міндетін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді ҚР ҚК-нің 139-бабы талаптарына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар жандандырылды.

Биылғы қарашада прокуратура қызметкерлерінің жүргізілген талдау жұмыстары нәтижесінде алимент төлеу міндетін орындамай жүрген 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу нәтижесінде бүгінде оның ішіндегі алимент берешектері 2 млн және 381 мың теңге болған борышкерлерге қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Ал қалған 9 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған істер қала прокуратурасының бақылауына алынып, осы бағытта жұмыстар жалғасады.