Үстел теннисінен ұлттық құрама Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты – ойын стилін жетілдіру

Фото: olympic.kz

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz. 

Жиынға құраманың бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, аға жаттықтырушы Дмитрий Переверзев қатысып жатыр. 

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты – ойын стилін жетілдіру.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда ұлттық құраманың құрамы анықталады. Олар алдағы маусымда әлем, Азия чемпионаттарында, олимпиялық іріктеу турнирінде өнер көрсетеді. Қазіргі оқу-жаттығу жиынына еліміздің жетекші спортшылары мен Қазақстанның бас командасына үміткерлер үшін өте маңызды.