×

Украинада «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған Арқалықтың жігіті қаза тапты

Ол әскери қимылдарға белсене араласқан

 Еркеғали Болатұлы 22.05.2022 | 17:14
фото: видеодан скриншот

Украина жағында соғысып жүрген қазақ жауынгер Жасұлан Дүйсембин 15 мамырда Донецк облысының Водиане ауылында қаза тапты.

Айта кетсек, биылғы сәуір айында әлеуметтік желіде Арқалықта туып-өскен қазақ жігітінің «Украинада фашистер жоқ» деген видеүндеуі тараған болатын. Сол азамат – осы Жасұлан Дүйсембин.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерге айтар бір-екі сөзім бар. Менің атым – Жасұлан. Қостанай облысы, Арқалық қаласынанмын. 2015 жылы мен Ресейдің жаңалығына сеніп, Украинаға келдім, – дейді Жасұлан Дүйсембин.

Фашистер бар ма деп тексерейін дегенмін. Содан кейін бір нәрсені түсіндім. Мұнда жақсы адамдар тұрады екен. Қазақтарды ұнататын адамдар. Бұл жақта фашистер жоқ. Жаңалыққа сенуге болмайды», – деген еді сонда ол.

Жасұлан Дүйсембин Украинаға волонтер ретінде барып, әскери қимылдарға белсене араласқан. Сол үшін таяуда ғана Украинаның мемлекеттік наградасы – «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама