«Аяғын сәл ақсап басады»: Павлодарда бір ай бұрын жоғалған әйел табылмай жатыр
Vita еріктілерінің айтуынша, бүгінде оның қайда екені белгісіз.
Нұргүл Бектұрсынова 11 қарашада Байкальская көшесінде орналасқан үйінен шығып қайтып оралмаған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Vita еріктілерінің айтуынша, бүгінде оның қайда екені белгісіз. Бойы – 165 сантиметр, көздері қоңыр, шашы қара. Аяғын сәл ақсап басады.
Қара-қызыл түсті күртеше, қоңыр спорттық костюм, қара бәтеңке киіп кеткен.
Егер де оны көрген адамдар болса немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), 8(777)3348201 (Светлана).