Атырауда кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Халық үні

Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылғы күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады

Фото: Halyq Uni

Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады polisia.kz.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған.

Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылғы күдіктілер тобын 2 млн 600 мың теңге алу кезінде ұстады.

Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 миллионға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.

Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда.

ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.