×

Биыл Ресейден 15 миллионнан аса адам көшіп кеткен

Мәскеуліктердің табысы қазір азық-түлікке де жетпейді

 Еркеғали Болатұлы 22.05.2022 | 16:42
Фото: Артем Геодакян/ТАСС

Ресейде девальвация 20 пайызға жетуі мүмкін. Соның салдарынан жыл басынан бері 15 миллионнан аса адам елді тастап кеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 2 еседей көп.

Qazaqstan телеарнасының Мәскеудегі тілшісі Индира Бегайдардың хабарлауынша, Ресей экономикасы әбден тығырыққа тіреліп отыр. Қаржы секторы, әуе, логистикалық компаниялар банкротқа ұшырап, алыс-беріс қиындай түскен.

Мамандардың айтуынша, қоймадағы техника ендігі 4 айда таусылады. Сондықтан көрші мемлекеттерден қолданылған техниканы сатып алуға мәжбүр. Санкцияның зардабын қарапайым халық тартып жатыр, - дейді әріптесіміз.

Мысалы, онда бұрын несиені 7-8 пайыз үстемақымен берсе, қазір ол 26 пайызға жеткен. Ақшаның құнсызданғанына налыған мәскеуліктердің табысы қазір азық-түлікке де жетпейтін көрінеді. Ал өңірлердегі жағдай одан да қиын.

Сарапшылардың пікірінше, енді екі айда санкция салдары қатты сезіле бастайды. 500 шетелдік компания жабылып қалса, кейбірі енді ешқашан оралмайтынын мәлімдеген. Яғни, бұл – Ресейдегі 3-5 миллион адам жұмыссыз қалады деген сөз.

Күн санап артып бара жатқан бағаны да ауыздықтауға мүмкіндік жоқ. Үкімет шатқаяқтаған экономикалық жағдайды жақсартуға кірісіп-ақ жатыр. Сол үшін Ұлттық әл-ауқат қорынан да 10 миллиард доллар бөліпті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Елена Рыбакина маңызды мәлімдеме жасады

Барымды салсам, кез келген қарсыласты жеңе аламын, дейді ол
27.05.2023 | 22:42

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54