Полиция 39 млн теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады
Көлік айыптұраққа қойылды
Шымкентте полиция «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
2 күнде полицейлер берешегі бар жүргізушілерден 20 млн теңге өндірген. Сондай-ақ 119 көлікті айыптұраққа қойған.
Полиция Дінмұхаммед Қонаев даңғылының бойында Chevrolet Damas автокөлігін тоқтатқан. Нәтижесінде жүргізушінің көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бары анықталды. Көлік бірден айыптұраққа қойылды, - деп жазылған хабарламада.