Halyq Uni логотип
×

Павлодарда 150 адам қазақ тілін үйренді

Олар өз жұмысына керек сөздерді меңгерген

 Дәурен Ерболат 06.12.2023 | 17:17
Павлодарда 150 адам қазақ тілін үйренді
Фото: gov.kz

Павлодарда қазақ тілін онлайн үйрететін курс аяқталды, деп хабарлады облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Жыл сайын Қазақстандағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында Павлодар облысында барлық санаттағы азамат қазақ тілін тегін үйрене алады. Ол үшін «Қазақ тілі» онлайн курсы жобасы іске асырылады. Оны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырады.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және қызметкерлерді күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға ынталандыру, – деп жазылған хабарламада.

Онлайн жоба бойынша қазақ тілін 150 адам оқыған. Курсты аяқтағандарға сертификаттар табысталған.

Сабақтар онлайн режимде өтті. Оқу кезінде тыңдаушылар өз қызметіне қатысты қажет сөздерді меңгерді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама