Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
6 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, қар аралас жаңбыр жауады. Бұл циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен орын алуы мүмкін.
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміз бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.
Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күшті жел тұрады, екпіні – 30 м/с.