Құжатты тапсыру 11-15 желтоқсан аралығында болады
11 желтоқсанда Алматы қаласында тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады. Өтініш пен құжаттар 15 желтоқсанға дейін www.kezekte.kz сайты арқылы қабылданады.
Құжаттарды Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында қаланың жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі жастарынан қабылдайды.
Сайтта авторизация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) филиалынан алуға болатын электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтеді.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 3 жыл мерзімге беріледі. Жалпы саны – Наурызбай ауданында 2 100 пәтер.
Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе негізінде (ең көп балл саны бойынша) жүргізіледі. Балл беру критерийлері, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.
Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін бағдарламаға қатысушылар жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеті арқылы берілген өтініштің нәтижесін дербес бақылайды.