Олардың жалпы ұзындығы – шамамен 1 шақырым
Алматыда үш жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Түрксіб ауданының Байрон, Тбилииская және Баймағамбетов көшелерінде жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталды. Көпірлердің жалпы ұзындығы – шамамен 1 мың метр. Үш учаскені тұрғындар бұрын абаттандырылмаған жолдар ретінде пайдаланған.
Айта кетсек, бұл жаяу жүргіншілер жолдары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. Көшеге жарықтандыру желілері, баспалдақтар орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай қарастырылды.
Биыл Түрксіб ауданында ХҚБ бағдарламасы аясында 78 жобаны іске асыруға 1,6 млрд теңге бөлінген. Бүгінде аулаларды жарықтандыруды, ойын алаңдарын салуды, тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнатуды және жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеуді қоса алғанда, 61 нысан аяқталды. Қалғаны жыл соңына дейін салынып бітуге тиіс.