Қазақстан бойынша тұман болып, көктайғақ болады, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 5 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болады және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады.
Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман болып, көктайғақ болады, жел күшейеді.