Алматыда ерлі-зайыпты журналистерге сот үкімі шықты
Северныйлар кінәсін мойындамады
Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северныйға үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Владимир мен Наргиз Северныйды 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
Владимир Северный ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.
Владимир Северный ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша ақталды.
Наргиз Северная Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды. Оның жаза мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді.
Северныйлар кінәсін мойындамады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталғаны хабарланды.
«ЖШС басшысынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды. Қазір бұл деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процестік шешім қабылданады», - делінген ІІМ-нің ресми Telegram-арнасында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде журналистердің балаларының видео үндеуі тараған болатын. Олар Владимир мен Наргиз Северныйдың қаладағы сауда үйлерінің бірінде көз алдында ұсталғанын мәлімдеді.
«Оларды форма киген бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті. Отбасымның ешқайсысы олармен байланысып, телефон соғып, не болып жатқанын біле алмай жатыр, өйткені телефондары тәркіленген», - деді журналистердің ұлы.