Павлодарда тортқа есірткі салған әйелге соттың үкімі шықты

Дастан Жұмабекұлы

Сәлемдемені ҚАЖД қызметкерлері тауып алған

Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Семей қаласының тұрғыны Павлодар қаласында қамауда отырған сүйіктісіне тортқа есірткі заттарын салып, апарып бермек болған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Павлодар полицейлері осы оқиғаны тергеу кезінде биылғы жылдың қаңтар айында Семей қаласында тұратын әйелдің Павлодарға келіп, Telegram әлеуметтік желісінде жұмыс туралы ұсыныс алғанын анықтады.

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, telegram-арнаның әкімші оған есірткіні жасырып, түрмеге апаруды айтқан. Осылайша ол белгісіз адаммен келісіп, психотроптық заттарды тарату үшін есірткі жасырынған жерге барған. Тәртіп сақшылары әйелдің ізіне түсіп, оның есірткіні жалдамалы пәтерде жасырғанын анықтаған. Пәтерді тінту кезінде аса ірі мөлшердегі психотроптық заттар мен есірткіні өлшеп орауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау 297-бабы 3-бөлігінің 1,3, 5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу болып, іс сотқа жіберілді. 

Сот шешімімен қала тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды.