Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында адам өміріне қауіпті медициналық қалдықтар заңсыз жойылған

Ереже талаптарының сақталмағандығы анықталды

 Динара Амантай 04.12.2023 | 17:09
Жетісу облысында адам өміріне қауіпті медициналық қалдықтар заңсыз жойылған
Фото: Жетісу обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Жетісу облысының прокурорлары медициналық қалдықтарды заңсыз жою дерегін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаратал ауданының прокуратурасы табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша «А», «Б» санаттарындағы адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті медициналық қалдықтарды зарасыздандыру және жою кезінде ереже талаптары сақталмағандығын анықтады.

Бұл заңбұзушылықтар, Бастөбе ауылдық округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау полигоны маңында тіркелді. Осы жерде Алматы, Жетісу облыстары денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық қалдықтарын төгу және заңсыз жинау жүргізілген.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, медициналық қалдықтарды полигонда зарасыздандыруға тыйым салынған және ол үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 344 бабы) қарастырылған.

Бұл іске қатысы бар тұлғаларды анықтау және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін аталған дерек Қаратал ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама