Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып өлтірді

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: Halyq Uni

ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Қиялы» шекара заставасында әскери қызметші әріптесіне оқ атты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратурасының мәліметінше, қайғылы оқиға 2 желтоқсанда болған.

«Қиялы» шекара заставасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші жанжал салдарынан әріптесіне оқ атқан. Оқты өзіне бекітілген қарудан атқан. Оқ тиген әскери қызметші жедел жәрдем қызметі келгенде қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталды.