×

Алматы облысының үш судьясы аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Қазір оларға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр

 Динара Амантай 04.12.2023 | 15:13
Фото: Halyq Uni

Алматы облысының үш судьясы аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қазір іс бойынша қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдіктелген Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Басқа жағдайда, Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Ол сот орындаушы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған, – делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталды.

 Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама