Қазақстан құрамасының үш боксшысы әлем чемпионы атанды

Дастан Жұмабекұлы

Енді Нұрасыл Төлебек финалға шығады

Фото: sports.kz

Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Толғанай Қасымхан, Аяжан Сыдық пен Айсұлу Мұхит алтын медальді жеңіп алды.

Аяжан Сыдық 54 келі салмақта финалда Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесіп, оны 5:0 есебімен жеңді. Толғанай Қасымхан 60 келі салмақта ресейлік Кира Леоновадан 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, ол Қазақстан құрамасына екінші алтын жүлдені сыйлады.

Үшінші алтын жұлдені 66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхит жеңіп алды. Ол финалда румын спортшысы Амалия Тугуиды жеңді.

Енді бүгін ұлдар арасында Нұрасыл Төлебек (54 келі) финалға шығады.