Бұрқасын, дауылды жел: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Халық үні

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

«Қазгидромет» РМК күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады Кazinform.

Астана қаласында түнде және таңертең бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, кей уақытта 25 м/с артады.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 құрайды, кей уақытта жылдамдығы 25 м/с күшейеді.

4-6 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 4 желтоқсанда – түнде, 6 желтоқсанда тәулік бойы жылдамдығы 23-28 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, өңірдің шығысында, орталығы мен таулы аудандарында екпіні 15-20 құрайды, кей уақытта күші 23-28 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстік-шығысында тұман болжанады. Жел солтүстік–батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болжанады. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, батысы мен шығысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 07 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.

Абай облысының Семей қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып,күші 15-20 м/с құрайды.