«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі сатысына шыға алмады (ВИДЕО)
Алматының клубы Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекорд жасады
«Қайрат» футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын Словенияның «Добовец» клубымен өткізіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті.
Алматының командасы Косовоның Приштина қаласында В тобында сынға түсті. «Қайрат» «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) пен «Приштина» (Косово) клубтарымен ойнады.
Алматы командасында Кайо Руис 15-ші, Дуглас Жуниор 17-минутта голдардың авторы атанды. Одан кейін Алекс Виана 22 және 40-шы, Біржан Оразов 23-ші, Альберт Ақбалықов 28-минутта гол салды.
Осылайша, «Қайрат» қарсыласын 7:0 есебімен жеңді. Алайда Алматы клубы В тобындағы соңғы матчында қарсыласын жеңгенмен, «Төрттіктің финалына» жолдама ала алмады. Бұл жолдамаға «Қайратты» өзара кездесуде жеңген португалиялық клуб ие болды. Еске сала кетсек, «Қайрат» «Бенфикадан» 2:3 есебімен жеңілген болатын. Оған дейін Косовоның «Приштина» жасағын 11:2 есебімен жеңді.
«Қайрат» Чемпиондар лигасында биыл қаңтар айында 20 мәрте бақ сынады. Бұл – Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекорд.
Алматының клубы 2012-2013, 2014-2015 жылдары турнирді жеңіп алған.