Тиісті сараптамалар тағайындалды
1 желтоқсанда Қаратау ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқаны туралы айтты, деп хабарлады «Астана» арнасы.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойын аймағында кесіліп-тесілген жарақатымен 28 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.
Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен «адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауыр қылмысты жасаған кінәлі тұлғаны анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.