Halyq Uni логотип
×

Шымкентте әйел өз пәтерінен ұлының мәйітін тапты

Тиісті сараптамалар тағайындалды

 Халық үні 02.12.2023 | 21:47
Шымкентте әйел өз пәтерінен ұлының мәйітін тапты
Фото: Polisia.kz

1 желтоқсанда Қаратау ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқаны туралы айтты, деп хабарлады «Астана» арнасы.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойын аймағында кесіліп-тесілген жарақатымен 28 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. 

Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен «адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауыр қылмысты жасаған кінәлі тұлғаны анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама