×

Асқар Наймантаев дүниеден озды

Өнер иесі 5 күн бұрын ауруханада жатқан суреттерімен бөліскен болатын

 Динара Амантай 02.12.2023 | 12:08
Фото: @yerlanryskali

Танымал актер, сатирик Асқар Наймантаев дүниеден озды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін белгілі актер, сатирик, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаев қайтыс болды. Қаралы хабарды өнер адамдары әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жатыр.

Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын, – деп жазды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали.

Бұған дейін сатирик Instagram-парақшасында ауруханада жатқан суреттерімен бөліскен болатын. 

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы, 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.

Асқар Наймантаев «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал болған еді. Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкенте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер», «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдердінде ойнады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама