Түркістанда 4 жасар бала іздестіріліп жатыр

Динара Амантай

Іздестіру жұмысына полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.

Фото: polisia.kz

Түркістанда 4 жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1 желтоқсан кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізген. Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, тез арада іздестіру жұмысына полицияның жеке құрамы жұмылдырылды.

Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы 25 мамырда туған. Бойы – 60-65 см, шашы – қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған.

Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.