Halyq Uni логотип
×

Алматы әкімінің кортежіне жаудырылған оқтан жараланған басшы қызметінен кетті

Оңалтудан кейін жұмысқа басқа перспективалармен оралмақ

 Еркеғали Болатұлы 21.05.2022 | 12:41
Алматы әкімінің кортежіне жаудырылған оқтан жараланған басшы қызметінен кетті
фото: ашық дереккөз

Алматы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қызметінен кететінін мәлімдеді.

«Әжептәуір уақыт өтсе де жарақатым әлі күнге дейін қатты мазалайды. Жұмыс істеу қабілеті қалпына келген жоқ. Оңалтудың толық курсынан өтіп, білектің қимыл белсенділігін қалпына келтіру қажет болғандықтан, мен қызметтен кету туралы шешім қабылдадым», – дейді ол.

Алайда спорт өз өмірінде ерекше орын алатынын және оңалтудан кейін жұмысқа басқа перспективалармен оралатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде біреулер Алматы қаласы әкімінің кортежіне оқ жаудырған еді. Соның салдарынан «Алматы» телеарнасының жүргізушісі көз жұмып, қалалық спорт басқармасының, дін басқармасының басшылары және «Алматы» телеарнасының операторы мен әкімнің жүргізушісі жараланған-ды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама