Газа секторында ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы ұрыс қимылдары қайта басталды
Израиль қорғаныс күштері палестиналық ХАМАС қозғалысының бұған дейін ұзартылған бітімгершілік келісімін бұзғанын мәлімдеді.
Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 9:48-де ЦАХАЛ-дың Telegram арнасында Газа секторының маңындағы елді мекендерде сиреналар естілгені туралы хабарлама пайда болды.
Газа секторы маңындағы елді мекендерде сиреналар дыбысы туралы алғашқы хабардан кейін ЦАХАЛ-дың әуе қорғаныс жүйесі Газа секторынан зымыран ұшыруды сәтті тоқтатты. Сирена Газа секторына жақын орналасқан Холитте естілді. ХАМАС операциялық үзілісті бұзды және Израиль аумағына оқ жаудырды, – деп хабарлады ЦАХАЛ.
Осыған байланысты Израиль қорғаныс күштері «Газа секторында ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы ұрыс қимылдарын» қайта бастады.
ЦАХАЛ жауынгерлері Газа секторындағы ХАМАС лаңкестерінің нысандарына соққы беріп жатыр. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады, – делінген хабарламада.
Бүгінде Израильдің Дэймон, Мегиддо, Офер, Нафха, Кциот және Рамон түрмелерінен барлығы 30 палестиналық босатылған. Мәміле шарты бойынша Израиль кепілден босатылған әр израильдік үшін 3 палестиналықты босатуы керек. Ал Палестина жағы Газа секторында кепілге алынған 6 адамды босатқан.