×

Елордада Қазақстан нарығын жаулауды көздеген ресейлік кәсіпкерлер клубы ашылды

Әрқайсысы арнайы қорға ай сайын 20 мың теңгеден аударып тұрмақ

 Еркеғали Болатұлы 21.05.2022 | 12:15
Фото: Абзал Калиев

Қазақстанда ресейлік бизнесмендер клубы ашылды. Оны құру жөніндегі бастаманы Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілдері, Нұр-Сұлтандағы орыс үйі мен РФ елшілігі көтерген.

Клубтың алғашқы кездесуі елордада өтті. Оған Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин мен Қазақстандағы бірқатар ресейлік кәсіпорын басшылары қатысты.

Қызметін өз қаражатымен жүзеге асыратын клубтың президенті болып елші Алексей Бородавкин тағайындалды. Клуб қатысушыларының әрқайсысы арнайы қорға ай сайын 20 мың теңгеден аударып тұрмақ.

Айта кетсек, ресейлік бизнесмендер клубы кәсіпкерлерге коммуникация алаңы ретінде қызмет көрсететін бейресми ұйым. Оның негізгі мақсаты Қазақстандағы ресейлік бизнесмендердің пікір алмасуы. Қиындықтар мен кәсіпкерлік қызметтегі кедергілерді талқылау. Сондай-ақ олар қазақстандық нарыққа келетін ресейлік кәсіпкерлерді анықтап, олардың өз бизнестерін сәтті бастауына қолдау көрсеткелі отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама