Күдікті әйел қамауға алынды
ҰҚҚКБ қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 31 жастағы әйел притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Онда интимдік қызмет көрсететін 10 қыз болған. Оның біреуі кәмелет жасына толмаған болып шықты. Олар – Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары.
Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде мефедрон тәркіленді.
Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі («Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Күдікті әйел қамауға алынды.