Halyq Uni логотип
×

Елордада прокуратура мемлекеттік мүлікті заңсыз сату фактісінің жолын кесті

Сот орындаушы жауапқа тартылды

 Динара Амантай 01.12.2023 | 11:35
Елордада прокуратура мемлекеттік мүлікті заңсыз сату фактісінің жолын кесті
Фото: Halyq Uni

Елордада мемлекеттік мүлікті заңсыз сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы прокуратурасының мәлметінше, пайдаланылмай жатқан жер телімі сот шешімімен мемлекет пайдасына алынған. Борышкер мемлекет алдындағы міндеттемеден жалтару мақсатында жеке сот орындаушының көмегімен жер телімін заңсыз иеліктен шығарған.

Прокурордың талап-арызы бойынша жер учаскесін сатып алу-сату шарты сотпен жарамсыз деп танылып, 60 млн теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды, – делінгеен прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісімен сот орындаушының мүлікке қатысты шектеулерді шешу және мүлікті беру туралы қаулыларының күші жойылып, ол жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама